
Жоба үйлестірушілерінің бірі, профессор Брита Регли фон Унгерн-Штернбергтің айтуынша, «мидозалам мен шоколадтан әзірленіп жатқан жаңа кішкентай таблеткалар клиникалық тиімділігін жоғалтпай, балалар үшін жағымсыз процедураны «тәттірек ете түседі».
Зерттеушілер қолға алған бастамаларын одан әрі жетілдіріп, дамытуды көздеп отыр. Дәмі тіл үйірер таблеткалардан бөлек, ғалымдар құрамында жүрек айнуы мен лоқсуға қарсы ондансетрон дәрісі бар сағыз дайындау үстінде.
Дереккөз: alashinform.kz