
12 жасында студент атанған вундеркинд Абзал Мырзаш туралы алдыңғы материалдарда да жазған едік. Ол қазір Қазақ-Британ Техникалық университетінің 1-курсында оқып жатыр. Алғашқы сессиясын түгел бестікпен жауып, үздік аяқтады. Осы қуанышты жаңалық қарсаңында әкесі Дәуренбек Нысанов пен Абзал Мырзаш редакциямызда қонақта болып, сұхбат берді.Ұстаздан шәкірті озса, ұстазы үшін одан асқан бақыт жоқ. Зеректігін ерте байқап, жетілдірген әкесіне бүгінде баласы ағылшын тілін үйретіп жүр. "Отбасымызға ағылшыннан сабақ жүргізіп, тапсырма беріп, талап қояды. Ол кезде Абзалдың бала екенін ұмытып, мұғалім ретінде қабылдаймыз",– дейді вундеркиндтің әкесі.