Балаңыз қандай сурет салады?

  Сіз білесіз бе? Балаңыздың салған суретінен көңіл-күйін білуге,психологиялық жағдайын айқындауға болатынын ендеше төмендегі кеңестерден балаңыздың қандай түстерді пайдаланатынын байқап көрейік.


  • Қара түс- балаңыздың қазіргі көңіл-күйін білдіреді.Бұл түстен қорқудың қажеті жоқ.Егерде балаңыз қара түске тым құмар болса жан дүниесінің мазасыз екенін білдіреді.
  • Ашық күлгін түс-балаңыздың мінезі ашық адамдармен тез арласып,өз ортасымен тез тіл табысады.
  • Қызыл түс-  билікке ұмтылу,ортада жүргенді ұнатады,ерекшелік пен нәзіктік.
  • Сары түс-  көп адамдар бұл түсті мұңға немесе,ауыр күйзеліс деп түсінуі мүмкін бұл түс балаңыздың қиялының шексіз екенін білдіреді.
  • Жасыл түс-адалдық пен ашық көңіл-күй.
  • Қоңыр түс- реніш пен қазіргі көңіл-күй.
  • Көк түс- ой ұшқырлығы мен ақкөңілділік

 

 Мысалы: Мына суретті салған Аугамбаева Намила Нұр-Дария балабақшасының тәрбиеленушісі жасы үште,болашағынан көп үміт күтуге болады.Тек балаңызыдың суретке деген ынтасы мен қызығушылығы болса, дамытуға ат-салысыңыз.


 

Керек кеңес:

  • Балаңыз сурет салғанда қатты қарандашпен бастырып салса, бір адамға деген реніші.
  • Қарандашты бастырмай жәймен салса, жұмсақ мінезді,көбінесе жуас балалар  салады. Кейде өте бос әлжуаз балаларда болуы мүмкін.
  • Суретті ортасына салса сіздерден мейірімділік пен, көңіл бөлгендеріңізді қалайды.
  • Суретті әрбір нәрсеге немесе, дәптерлерге салса балаңыз өзіне сенімсіз болғаны. Бірақ бұл балалардың қиял ерекшеліктері өте жақсы дамыған. Ақын, жазушылар ойдың адамдары шығуы да ғажап емес.
  • Әр ата-ана өз баласының салған суретіне назар аудару керек, сізге  айта алмаған дүниесін суреттерінен  айқындауға болады.Арнайы кеңестерді психологтан сұрасаңыз болады.
  • Балаңыздың салған суреті өзінше бір сырлы да құнды дүние екенін ұмытпаңыз.
Ғаламтордан алынды

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз