Сіздің темпераментіңіз қандай? Бірге анықтайық

 Холерик

 Темпераменттің бұл типі жоғары белсенділікті, іс - әрекетке энергиямен, қаталдығымен, талпынушылығымен, қозғалыс күштілігімен, жоғарғы темпімен, ұмытушылығының жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Холерик көңіл – күйінің тез ауысуына бейім, ашуланшақ, шыдамсыз, эмоционалды қозғыш, кей кезде агрессивті болып келеді. Дұрыс тәрбие берілмеген кезде эмоционалды тұрақтылық жеткілікті  болмаған кезде, өмірдің қиын жағдайларында өзінің эмоциясын басқара алмауға әкелуі мүмкін.

 

Сангвиник

 Олар жоғары белсенділігімен, энергиялығымен, жұмысқа қабілеттілігімен, қозғалыстың тездігі және жандылығымен, мимикасының әр-түрлілігі және байлығымен, сөйлеу темпінің тездігімен ерекшелінетін темперамент типі.Сангвиник қызығушылығының ауысуымен, қоршаған орта жағдайларына тез және оңай жауап қайтарады, көпшіл. Эмоциялар – жағымдылар – тез пайда болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерге тез және оңай беріледі. Жағымсыз тәрбиенің әсерінен тұрақтылықтың өзгеруіне әкеледі.

 

Флегматик

 Темпераменттің бұл типі белсенділіктің төмен деңгейімен,баяулығымен,  мимикасының бұзылуымен ерекшелінеді.Флегматик іс - әрекеттің бір түрінен екіншісіне қиын ауысады. Флегматик тұрақты көңіл – күй иесі болып табылады. Сезімі мен көңіл – күйі әдетте тұрақтылығымен ерекшелінеді. Жағымсыз жағдайлар шарттарында флегматикте эмоцияның тарлығы және біртекті іс - әрекеттерді орындауға бейімделіп кетуі мүмкін.

 

Меланхолик

 Психологиялық белсенділігінің төмен деңгейін сипаттайтын тип болып табылады. Қозғалысының баяулығы, мимика мен сөзінің тарлығы  және тез шаршағыштығымен ерекшелінеді. Меланхоликте онымен болып жатқан іс - әрекетте сезімталдығымен ерекшелінеді, кей кездері кейбір ұсақ – түйекті  жанына алып қалуы мүмкін.  Меланхоликтің   жағымсыз жағдай шарттарында   жоғары эмоционалды сезімталдық, тұйықтық,  жабырқау, жаңа жағдайлардан, адамдардан және әр-түрлі сынақтардан қорқақтық  пайда болуы мүмкін.  


Ғаламтордан алынды

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз