
Ведомствоның мәліметінше, 2017-2018 жылдардағы эпидмаусымға бюджеттік қаражаттың 1 миллиард 200 миллион теңгесіне РФ өндірген "Гриппол плюс" вакцинасының 1,5 миллион дозасы сатып алынды."Мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммундық тапшылығы, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер алады. Сондай-ақ жұмыс берушілер есебінен және адамдардың жеке қаражатынан егілетін болады", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.Сондай-ақ, министрліктегілер Қазақстан халқына өз балаларын инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауға және олардың денсаулығын барлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен қамтамасыз етуге шақырады.
Ғаламтордан алынды