Бас ауруынан жылдам арылудың тәсілі

Ең алдымен дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз. Ал таңертең оянғанда басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеңіз.
Ал төмендегі кеңестер бас ауруынан лезде айықтырады:

 1. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасау.

2. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішу.

3. Жалбыз қосылған көк шай.

4. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.

5. Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.

6. Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.


Ғаламтордан алынған

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз