Селфиге қалай түсесіз?

1. Суретің сәтті шығуы үшін жарықты дұрыс таңдай біліңіз. Қай кезде де жарықпен дұрыс жұмыс жасаған жөн. Жарық көзі немесе күн сәулесінің сізге қарама-қарсы және де көзі мөлшеріңізден сәл жоғарырақ орналасуына назар аударыңыз. Әйтсе де, табиғи жарықпен түскен сурет қашанда сәтті шығады.

2. Селфи жасаудағы ең көп кездесетін қателіктердің бірі - артқы фонға мән бермеу. Селфи түсіруші адам артқы көріністі басты назарда ұстағаны дұрыс. Ал киім мен шаштың түсі фон бейнесімен сәйкес келмегені жөн.

3. Ракурсқа да назар аудару қажет. Суретке түсу барысында басты аздап еңкейтсеңіз, ол көзді үлкен қылып көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, жақ-сүйектердің әдемі көрінуіне септігін тигізеді.

4. Қай кезде суретке түссеңізде бірнеше кадр жасаңыз. 10 кадрдың ішінен сізге 3-еуі ғана ұнауы мүмкін. Егер, қандай да бір әлеуметтік желіге салғыңыз келсе, суретке түскеннен кейін жарты сағат өткен соң жариялаған жөн. Еш уақытта суретке түсе салып, оны жұртқа бірден жарияламаңыз. Өйткені, уақыт өте келе өзіңізге ұнамай қалуы ғажап емес.


Ғаламтордан алынған

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз