Тоғызқұмалақтың мобильді нұсқасын жасауды бастап кеттім. Сәтті шығып жатса, назарларыңызға ұсынамын. Оны да ғылым жолындағы үйретушім Арман Сүлейменовтің көмегімен дайындап жатырмынБиыл ЭКСПО көрмесіне бардым. Барлық елдің павильонында болдым. Олар ұлттық құндылықтарын жаңа технологиямен көрсетіп жатты. Маған сол кезде ой келді. «Неге біздің қолымыздан осы нәрсе келмейді?» – деп ойладым. Содан ұлттық аспабымыз домбыраның мобильді нұсқасын жасағым келді. Көп уақыт кетті. Ойымдағыдай жасап шығардым.«Домбыра» мобильді қосымшасының өзіміздің ұлттық аспабымыз – домбырадан айырмашылығы жоқ. Тек менікі мобильдік нұсқасы. Кез келген уақытта ұялы телефоныңызға «App Store» көмегімен тегін жүктеп аласыз. Біздің ұлттық аспабымыздың үнін қалаған уақытта тыңдауға болады. Домбыра үйренем деушілерге де пайдалы. Мобильді қосымшалардың жинағы «App Store» деп аталады. Соны ақтарғанымда домбыраның мобильді нұсқасы болмады. Сондықтан тың дүние жасап шығарарымды білдім де, домбыраны таңдадым. Алдымен «Аpple» өнімдерінен бастадық. Жақын арада «Андройд» нұсқасымен де домбыра үйренулеріңізге болады.2015 жылы Арман Сүлейменов жас ғалымдарға арналған «nFactorial Incubator» курсын ашты. Сол курсқа қатысып жүрмін. Астана қаласындағы Назарбаев университетінің жанынан құрылған. Курстың мақсаты – жас ғалымдарға индустрия мен жаңа технологияның әліппесінен бастап үйрету. Оқу жүйесі бойынша он екі апта оқимыз. Алғашқы төрт аптада мобильді қосымшалардың дизайндары мен құрылымын зерттейміз. «iPhone мен Android» мобильді маркаларымен танысамыз. Қалған сегіз аптасында әркім өзінің жеке мобильді қосымшасын ойлап табады.
Тоғызқұмалақтың мобильді қосымшасын іске қосылмақ
ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН