Менің көзге арналған жаттығуларым көңіліңді көтереді

  1.  «Жапалақ» жаттығуы

Ақ параққа түрлі көлемде 10 тышқанның суретін сал. Оныкөздің көруіне ыңғайлы орташа қашықтыққа қой. Енді көзіңді жұмып-ашып əр тышқанға мұқият қарап, ойша аулап, ұста.

  1. «Өрмекші торы» жаттығуы

Сабақ оқу кезінде бір нүктеге ұзақ қадалу көз алмасын қысымда ұстайды. Сол үшін терезе алдындағы бір ағашты таңдап ал. Енді сол ағашты көз қарашығын түрлі бағытта қозғап өрмекші тормен шырмап шық. Қалай тор құрғың келсе де, өз еркің. Бастысы, көз жанарының түрлі бағытта баяу қозғалуы. Тор құрылды. Көзіңді біраз уақытқа жұм. Онға дейін сана, көзіңді аш.

  1. «Сағат» жаттығуы

Көз алдыңда алып сағатты елестет. Енді көз жанарыңды сағат тілімен қозғап шеңбер жаса. Осы жаттығуды 5-6 рет қайтала. Көзіңді жыпылықтатып, сегізге дейін сана.

  1. «Айна бетіндегі жазу» жаттығуы

Бұл жаттығу зейінді тұрақтатып, көздің бұлшық етін жақсартады. Ірі жазулы сөздерді айна алдына қойып, айнадан қарап оқимыз. 4-7 сөз оқу керек. Сегіз рет көзді жыпылықтатамыз. Осы жаттығуларды көзің талғанда жиі жасап тұрсаң, көз көргіштігі қалпында сақталады. Төмен болса, жақсара бастайды. Мына өлең жолдарын  оқырман достарыма арнаймын.

 

Жаттықтыр ылғи көзіңді,
Əр істің бар пайдасы.
Күлімдеп жүр əрқашан,
Көз – көңілдің айнасы.


Ғаламтордан алынды

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз