Графикалық дизайн деген – еркіндік. Өте кең ауқымды, жан-жақты, өз ішінен əртүрлі тармақтарға бөлінген сала. Қазіргі заманда ең тапшы, ең қажетті мамандықтың бірі жəне бірегейі. Кəсіби терминдерді былай қойып, қарапайым тілмен айтқанда, көшеде күнделікті көріп жүрген жарнама, ғаламтор желісіндегі сайттардың бет-бейнесі, телеарнадағы жарнамалар мен интролар, анимациялық моушндар, оқып жүрген кітаптарыңыз бен газеттеріңіздің мұқабалары мен беттері, мультфильмдер мен комикстердің көрермендерге жол тартуының барлығын графикалық дизайн қамтиды. Ал көздің жауын алатын түрлі-түсті жұмыстар графикалық редактордың көмегімен жүзеге асады. Тағы бір ерекшелігі, бұл сала тоқтаусыз өзгеріп, қарқынды дамып отырады.
Жалпы айтқанда, иллюстратор – суретші жəне графикалық редакторларды пайдалана отырып, иллюстрациялар сызатын маман. Иллюстратор болсаң, дизайнды да қатар алып жүресің. Оған комикстер салу, логолар жасау, əртүрлі тақырыптарға байланысты суреттер салу, кейіпкерлер құрастыру кіреді.
Біз тек бір графикалық редактормен жұмыс істемейміз. Жұмыс барысына қарай əртүрлі графикалық редакторларды қолданамыз. Мəселен, иллюстрация салуға, лого жасауға иллюстратор графикалық редакторын, ал расторлы кескіндермен жұмыс істегенде фотошопты пайдалансақ, əртүрлі полиграфиялық жəне сыртқы жарнаманың жұмыстарына Corel Draw-мен жұмыс істеймін. Ал жұмыстың ұзақтығы мен күрделілігі əр кезде əртүрлі. Сызуға орташа есеппен 3 сағаттай уақыт кетеді. Себебі, онда ұсақ элементтер көп. Кескіннің сапалы шығуы уақыттың ұзақтығына байланысты.
Өзімнің суретімді салдым (күліп). Қазір сол суреттерімді көрсем, еріксіз күлкі үйіріледі. Тəжірибе суретті үзбей салып, қолды үйреткеннен кейін келеді. Жаттығу үшін өтініш айтқан барлық адамның суретін сала беретінмін. «Иллюстратор боламын» деген ойыма жақындарым қарсы болды. Себебі, бұл сала елімізде дұрыс дамымаған, əлі ешкім білмейді. «Суретшілердің көлеңкесінде қалып қоясың» деген пікірді де естідім. Алайда, иллюстратордың ерекшелігі – суретті графикалық бағдарламамен салуында. Ғаламтор бар жерде иллюстрация да сұранысқа ие. Шетелде жарнамалар анимация түрінде жасалады. Бастапқыда бұл біздің қоғамға жат сияқты көрінгенімен, бірте-бірте қолданысқа еніп келе жатыр. Осы уақытта дейін иллюстрациямен 300-ден астам сурет салдым. Кейде əлеуметтік желіде адамдардың өтініші бойынша ақысыз, тегін де салып беремін. Арнайы тақырыпқа негізделген, тапсырыспен салынатын компанияларға белгілі бір баға қойылады. Қазіргі таңда республикалық «KAZBILIM» орталығында графикалық дизайнер болып қызмет атқарамын. Басты арманым – мультипликатор болу. Сол үшін тағы бір шет елде оқып, білімім мен біліктілігімді жетілдіргім келеді. Суреттерімді көргендер «мультфильмге сұранып тұр екен» дейді. Онысы рас. Болашақта қазақ анимациясына өзіндік үлесімді қоссам деймін. Қазақтың ақын-жазушылары мен спортшыларының суретін салған ұнайды. Сосын ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымыз бар. Қол күрес, асық жəне тағы басқа. Ойын үстіндегі балалардың суретін салып, оны ғаламторда жариялаймын. Аңшылық та – халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі. Қолына бүркітін қондырған қарияның суреттері бар.