Кроссвордтың адамға пайдасы

Жалпы, ғалымдар бұған дейін де ми жаттығулары қарттар үшін пайдалы екендігін айтып келеді. Бұл ретте ең тиімді құрал - кроссворд шешу дейді олар.
Ғалымдардың зерттеуіне 2800 ерікті азамат қатысқан. Олардың жасы орта есеппен 74-ті құрайды. Қатысушылардың барлығы төрт топқа бөлінген. Алғашқылары мидағы ақпаратты өңдеу жылдамдығымен айналысса, екінші топ - есте сақтау, үшінші топ - ойлану қабілеті және төртінші топ ешнәрсемен айналыспай, жай қарап отырған.
Төрт топ 60-70 сағаттық 10 дәріске қатысты (5-6 апта көлемінде). Мұнан кейін 10 жыл бойы ғалымдар осы азаматтардың миын зерттеумен айналысып келді.
Нәтижесінде, миымен жұмыс істеген қатысушылардың 60 пайызы күнделікті тапсырмаларды орындауда еш қиындық көрмейтіндігін айтқан. 
Ғалымдар болса адам миының 10 жыл бұрынғы деңгейде сақталғандығына таңданып отыр. Демек миды жаттықтырған адам ерте алжымайды дейді олар.

Ғаламтордан алынды

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз