
2. Жазуға алғашқы қадам Ақ парақтың төменгі бөлігіне түрлі түсті дөңгелектер салып, ішін бояңыз. Ал бала сол дөңгелектердің түсін қарындаштан тауып, қарындашпен дөңгелектен бастап сызып шықсын. Бұл түстерді тануға әрі қолды жазуға үйретуге көмектеседі. Кейін қозының суретін салдырыңыз. Оның терісін бұйралап, салуын сұраңыз, көбелек салдырыңыз – бастысы суреттеп салған бейнесінде әріптерге ұқсас детальдың болуын қадағалаңыз. Мысалы, қозының терісін салғанда, «о» әрпін, көбелекті салғанда «з» әрпін елестете алуы керек.
3. Логикаға алғашқы қадам Параққа дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, төртбұрыш секілді түрлі геометриялық фигураларды салыңыз. Ал бала осы фигуралардың қатыстырып, үй, көлік немесе басқа бір нәрсенің суретін салып көрсін.
4. Психологияға алғашқы қадам Ол үшін көптеген шеңбер мен сопақшалардың суретін салуыңыз керек. Ал бала сол дөңгелектерге көздің, қастың, ерін мен мұрынның «бейнесін» салып көрсін. Олардың көңіл-күйін де айтып берсін. Балаға неше түрлі ситуациялық жағдаяаттарды айтып көріңіз. Ал бала сол уақытта қандай күйде болатынын бейнелеп берсін. «Саған ит үрсе, не істейсің?», «анаң сыйлық сыйласа қуанасың ба?» деген секілді жағдайларды мысалға келтіріп көріңіз.
5. Идеяға алғашқы қадам Параққа білінер-білінбестей етіп дөңгелекшелер салыңыз. Оны балаға ұсынып, сол дөңгелекшелерді байланыстырып, көбелектің қанатын, гүлдер, қар, тамшы секілді басқа заттарды салуын сұраңыз.
Massaget.kz сайтынан алынды