Дөңгелек үстел жұмыс барысында белгілі ғалым-заңгерлер: з.ғ.д., профессор Скаков А.Б., з.ғ.д., профессор Ахпанов А.Н., з.ғ.д., профессор Биекенов Н.А., з.ғ.к., доцент Аккулев А.Ш., з.ғ.к., доцент Айкимбаев А.К., сонымен қатар, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы, Астана қаласы мектептерінің өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы з.ғ.к., профессор Иманбаев С.М. болды.
Дөңгелек үстелде «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Барсукова Р.А. «Кәмелетке толмағандардың заңға қатынасы» тақырыбында; з.ғ.к., доцент Егизбаев Н.У. «Кәмелетке толмағандар қылмыс жасауға әсер ететін себептер мен жағдайлар» тақырыбында; құқық магистрі, әділет капитаны Бейсатова А.Ж.: «Қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдірудің кейбір мәселелері» тақырыбында баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстел жұмысына талқылауға шықырылған қонақтардың барлығы, сонымен қатар, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы, Астана қаласы мектептерінің өкілдері, магистранттар мен студенттер атсалысты.
Шара қорытындысы бойынша әзірлеуге және қабылдауға мынадай ұсыныстар айтылды:
- «Жастар туралы» Заң;
- «Жастардың бос уақытын ұйымдастыру Бағдарламасы (тегін спорттық және пәндік секциялар құру, орта мектеп аясында мамандық меңгеру)»;
- «Жастарды жұмысқа орналастыру Бағдарламасы»;
- «Жастардың салауатты өмір салтын дамыту Бағдарламасы»;
- «Жастарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жүйесін дамыту».