"Эрудит" Республикалық білім сайты жеңімпаз атанды!


  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен  «Үздік қазақ тіліді интернет-сайт сыйлығы» байқауы өткен болатын.

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау.

Марапаттау рәсіміне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, мәдениет қайраткерлері және белгілі журналистер қатысты.

Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, мемлекеттік тілде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

 «Білім бұлағы» аталымы бойынша www.эрудит.kz сайты ие болды.

Байқау жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының дипломдары мен ақшалай сыйлығына ие болды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз