Жастар жылы-жаңашылдықтың бастауы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.  Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Сөз соңынан Елбасы келер жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынды.- Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.
Елбасы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін баса айтты. Сондай-ақ "Ауыл - ел бесігі" жобасының басталғанын жариялады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз