Жастар жылының жаңа логотипі

2019 жыл-жастар жылы. Осыған орай жастар жылының жаңа логотипі белгіленді. Логотипте жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі - үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады.Бірлескен табысты ұшудың негізгі ережесі – топ пен барлық еңбектің нәтижесін қатамасын ететін адал қарым-қатынастар.Аталған бастама жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Тырналар мәңгілік жастық,  бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге  бірлескен күш-жігерлер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді.Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс- кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс – тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады, - деп хабарлайды ҚР қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.Бүгінгі іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары,  жергілікті атқарушы органдар  басшылары,  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметкерлер және т.б. қатысады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз