«Мұғалім мәртебесін көтеру - ортақ іс» республикалық көшпелі форумы Қызылорда қаласында өткізілді


Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы қолдауымен, "Эрудит" интеллектуалды білім порталы ұйымдастыруымен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында патриоттық тәрбиемен қатар  оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында, Қызылорда қаласында «Мұғалім мәртебесін көтеру - ортақ іс» атты республикалық форумы жоғары деңгейде өткізілді. Форумға еліміздің әр өңірінен білікті педагог мамандар қатысып, тәжірибе бөлісті. Форумды профессор Жақсыбек Егизбаев ашып, өз тәжірибесімен бөлісті. Форумның құрметті қонағы Оңтүстік Корея, Сеул қаласы, "Каннам" университетінің профессоры Ан Су Хен Кореядағы білім жүйесі мен мұғалім мәртебесі жайлы кеңінен, әрі салыстырмалы түрде ақпараттандырды. Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа бағыттары туралы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директорының орынбасары Әсел Нысанбекқызы сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар профессор Егізбаев Жақсыбек мырза «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту және ғылыми жұмыстармен айналысу әдіс-тәсілдері» тақырыбында курс өткізді. Форум соңында білім саласында жеткен жетістіктерін ұлықтап, ынталандыру мақсатында педагогтар арнайы төсбелгілерімен және дипломдармен марапатталды. Форумға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Тәутәй Ғазиза
Портал әдіскері

Т

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз