Құрметті Ұстаздар!


Құрметті ұстаздар!  

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен «Эрудит» интеллектуалды білім порталы ұжымы баршаңызды шын жүректен құттықтайды! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Жас ұрпақты сауаттандыруда Сіздермен бірге көптеген игі жұмыстар атқарып ел дамуына әлі талай үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз