Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы қолдауымен, "Эрудит" интеллектуалды білім порталы ұйымдастыруымен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында патриоттық тәрбиемен қатар оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында, сәуір айының 30-шы жұлдызында Астана қаласында «Мұғалім мәртебесін көтеру - ортақ іс» атты республикалық көшпелі форумы жоғары деңгейде өткізілді. Форумға еліміздің әр өңірінен білікті педагог мамандар қатысып, тәжірибе бөлісті. Форумды профессор Жақсыбек Егизбаев ашып, өз тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа бағыттары туралы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директоры Назгүл Алхановна сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту және ғылыми жұмыстармен айналысу әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндамалар оқылды. Форум соңында білім саласында жеткен жетістіктерін ұлықтап, ынталандыру мақсатында педагогтар арнайы төсбелгілерімен және дипломдармен марапатталды. Форумға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Тәутәй Ғазиза
Портал әдіскері