Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы қолдауымен, "Эрудит" интеллектуалды білім порталы ұйымдастыруымен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында патриоттық тәрбиемен қатар оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында, мамыр айының 20-шы жұлдызында Алматы қаласында «Мұғалім мәртебесін көтеру - ортақ іс» атты республикалық көшпелі форумы жоғары деңгейде өткізілді. Форумға еліміздің әр өңірінен білікті педагог мамандар қатысып, тәжірибе бөлісті. Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа бағыттары туралы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директоры Назгүл Алхановна сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды. «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту және ғылыми жұмыстармен айналысу әдіс-тәсілдері» тақырыбы аясында баяндамалар оқылды. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткізілген «Мәртебелі маман - 2017» Республикалық байқауының үздіктері марапатталды. Сонымен қатар форум соңында білім саласында жеткен жетістіктерін ұлықтап, ынталандыру мақсатында педагогтар арнайы төсбелгілерімен және дипломдармен марапатталды. Форумға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Форум Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхаттаумен жалғасты.




Тәутәй Ғазиза
Портал әдіскері