Қазақстанның халық жазушысы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 115 жыл (1902 - 1985) толуына орай «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Республикалық мектеп оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін пәндік олимпиаданың ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы, Эрудит – интеллектуалды білім порталы
Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеті:
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім мен білік деңгейін, қалыптасқан таным түсінік, инттеллектуалдық, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктері мен мәселені қорытып, жүйелі түрде саралай білудегі жүйріктік пен алғырлық, тапқырлық, т.б қасиеттері тұрғысынан өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау. Жастардың бойындағы ынталылық, ойлылық, дарындылық, талаптылық, білімділік сынды озық қасиеттерді насихаттап, көшпілікке таныту. Сондай-ақ олимпиадалық байқау нәтижелері бойынша топ жарған жеңімпаз ретінде таныла білген талапты да, талантты жастардың халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен түрлі конкурстарға, жарыстарға атсалысу мүмкіндіктерін арттыру.
Міндеттері:
- оқушылардың оқу- танымдық және оқу-зерттеу интеллектілерін ынталандыру;
- оқушылардың жеке кәсіби әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, олардың өз мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыра білу;
- оқушылардың толыққанды жеке тұлға ретіндегі азаматтық ұстанымын орнықтыру;
- білімді де білікті, жаңашыл таным көзқарасты, дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау;
- оқушылардың білім беру жүйесін жетілдіру тұрғысындағы кәсіби-шығармашылық, белсенділік қатынасын қалыптастыру.
Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ тілі және орыс тілі
Олимпиадаға қатысушылар:
5-сынып; 6-сынып; 7-сынып; 8-сынып; 9-сынып; 10-сынып; 11-сынып;
Ескерту! Қатысушылар санына шектеу қойылмайды.
Әр сынып бойынша жүлдегер оқушылар анықталып, марапатталады.
Олимпиада 2 турдан тұрады:
І тур – қатысушы оқушы берілген үш тақырыптың ішінен қалаған тақырыбын таңдап алып, шығарма жазады. Жазбаша жұмыс бес критерий бойынша ең жоғары 50 ұпаймен бағаланады:
1) Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай;
2) Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай;
3) Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай;
4) Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай;
5) Емле (орфография) – 10 ұпай.
Шығарма тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалады.
ІІ тур – қатысушыларға 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары беріледі. Тест тапсырмалары қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша құрастырылады.
Олимпиаданы мерзімі және тәртібі
Пәндік олимпиаданың қатысушылары І тур жұмыстарын 20- ақпанға дейін eruditkaz@mail.ru почтасына жіберу керек. Ережеге сәйкес келмеген жұмыстар қарастырылмайды. ІІ тур 24 ақпанға дейін ұйымдастырылады.
Пәндік олимпиадаға қатысу үшін
Электронды алғыс хат 500 (бес жүз) теңге,
Қағаз түріндегі алғыс хат 1000 (мың) теңге төлем ақысы төленеді.
www.эрудит.kz Интеллектуалды білім порталымен толық танысу. Портал әдіскерлері арқылы немесе портал арқылы қатысуға сұраныс жіберу.
Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.
Қатысушы жарна төленген түбіртек көшірмесін eruditkaz@mail.ru почтасына байқау жұмыстарымен қосып жолдауы тиіс.
Мекен жайы: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы., Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Н.В.Гоголь көшесі, 39 үй, "Агентства Барьер" бизнес орталығы, 2 қабат, 220 кабинет. +7(727) 389-94-26; 8778 858 82 32; 8702 312 00 97; 8707 811 89 33
Қорытынды:
Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады. Орын алған оқушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады. Жеңімпаз жұмыстар www.эрудит.kz Интеллектуалды білім порталында жарияланады.
Ескерту: Қатысушы оқушылардың алғыс хаттары электронды нұсқада беріледі. Егер қағаз түрінде алғысы келген қатысушылар қосымша жарна төлейді.
Қосымша сауалдар үшін: Портал әдіскері 8705 431 47 63; 8778 858 82 32; 8702 312 00 97; 8707 811 89 33
Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:
ИИН: 770620303470
6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»
Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін eruditkaz@mail.ru почтасына жолдауы керек.
Қосымша 1
Республикалық « Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша» олимпиада байқауына қатысуға сұраныс
р/с | Аты-жөні, сыныбы | жетекшісі | Мекен-жайы, телефоны | Байқау атауы |
1 | Маргарита Амирова | Гулим Нурманова | Астана қаласы,№54 орта мектеп 87785452145 | Қазақ әдебиеті пәндік олимпиада |
Ескерту! Шығарма жұмыстары компьютермен теріліп жіберілуі керек!
Қосымша 2
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Республикалық мектеп оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін пәндік олимпиаданың І тур тапсырмалары:
5-сынып
Шығарма тақырыптары
1. Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесіндегі ұнамды бейне
2. М. Өтемісұлы – жауынгер ақын
3. Менің достарым
6-сынып
1. М.Мақатаев шығармашылығындағы туған жер тақырыбы
2. «Қобыланды батыр» жыры
3. Менің анам
7-сынып
1. Билер сөзі –нақылдың көзі
2. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – адал махаббат үлгісі
3. Менің арманым
8-сынып
1. «Зар заман» әдебиет өкілдері: Шортанбай мен Дулат
2. Шәкәрім Құдайбердіұлы - шебер суреткер
3. Халқын сүйген – салтын сүйер
9-сынып
1. Ертегідегі ел арманы
2. Тұрмыс –салт жырларындағы ұлттық болмыс көрінісі
3. Туған ыстық әрқашан
10-сынып
1. Ахмет – азаттық жаршысы
2. Шәкәрім туындыларындағы әлеуметтік өмір шындығы
3. Бізді күтер бір бақыт...
11-сынып
1. Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі
2. Сөз зергері (Ғ.Мүсірепов шығармашылығы негізінде)
3. Мен таңдаған мамандық
Ескерту! Жазба жұмысында кітаптан көшірілген шығарма тексерілмейді. Шығарма жазу үшін оқушы ең алдымен түпнұсқамен танысу керек. Шығарманы тексеруде біз шығарма жоспарына да үлкен мән береміз. Шығарма жоспарының ұтымдылығы, оның жазылған шығармамен сәйкестігі де негізге алынады. Оқушының ой ұтқырлығы, сөздік қорының молдығы, эстетикалық талғамы шығарма тексеруде ерекше наз
Комментарии 2