V Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің антологиясының
ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Ғылым мен білім саласының майталмандарының ерен еңбектерін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау. Қоғам алдындағы мұғалім мәртебесін көтеру. Елбасы Н.Назарбаевтың білім саласына қатысты нұсқаған басым бағыттарын насихаттай отырып, елбасы саясатын жүзеге асыру. Өз саласының озық ойлы, белсенді, шығармашыл қызметкерлерінің қоғам алдындағы еңбегі мен жасаған құнды жұмыстарын тарих бетінде қалдыру. Республика ұстаздарының құнды антологиясын баспадан жарыққа шығарып, марапаттау.
Ұйымдастырушылар: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы., Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Н.В.Гоголь көшесі, 39 үй, "Агентства Барьер" бизнес орталығы, 3 қабат, 315 кабинет. +7(727) 389-94-26;
8707 177 71 08; 8702 312 00 97; 8705 431 47 63
Антологияға қатысушыға қойылатын талаптар:
• Қатысушы ЖОО-ның оқытушысы, орта және арнаулы мектеп мұғалімі немесе колледж мұғалімі болуы тиіс.
• Білім саласындағы еңбек өтілі 3(үш) жылдан кем емес.
• Еңбек жолында жеткен жетістіктері мен мадақтамалары болуы керек.
• Антологияға қатысу жарнасы 5000 (бес мың теңге).
• Арнайы жеткен жетістіктерін баяндайтын шығармашылық өмірбаянын жіберуі міндетті.
• Жіберілген құжатта: аты-жөні, мекен-жайы, индексі(міндетті), мектебі, жетістіктері, эл.почтасы, сапалы фотосуреті, антологияға қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегінің көшірмесі (міндетті) болуы керек (whatsapp-тан жіберген қабылданбайды).
• Құжаттар n_ortalyk@mail.ru элекронды почтасына қабылданады. Қосымша сұрақтар мен ақпараттар үшін: +7(727) 389-94-26; +7 707 177 71 08; 8702 312 00 97; 8705 431 47 63
Ескерту! Жобаға қатысушы мәліметтері арнайы баспадан жинақ ретінде жарық көреді. Әрбір қатысушы арнайы дипломмен марапатталатын болғандықтан аты-жөні қатесіз жазылуы міндетті.
Антология жұмысына қолдау білдіріп, белсенділік танытқан мұғалім немесе ұйымдастырушы арнайы сараптау кеңесінің ұсынысымен орталықтың халықаралық дәрежедегі төсбелгісімен ( медалімен) марапатталады.
- Антологияға құжаттарды қабылдау мерзімі : 2017 жылдың 10 қарашаға дейін қабылдау жүргізілуде.
Жарнапұл төлеуге арналған банк реквизиттері: ИИН: 770620303470
6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»