Ү Республикалық « Мәңгілік ел үміттері» атты дарынды, үздік оқушылар антологиясының
ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Егемен еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақты сапалы білім алуға, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Мектеп оқушыларының бойындағы дарынды қасиеттер мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Өз қатарластарының мақтанышы болып жүрген жалынды жастардың жетістіктерін мадақтай отырып, жетекші ұстаздардың еңбектерін ескеріп марапаттау.
Жас ұрпақ-жарқын болашақтың айнасы екендігін сезініп, жан -жақты білім мен тәрбиені қатар ұстап, олардың жеткен жетістіктер рухы мен табысқа деген ұмтылушылықты бойларына сіңдіру.
Ұйымдастырушылар: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы., Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Н.В.Гоголь көшесі, 39 үй, "Агентства Барьер" бизнес орталығы, 3 қабат, 315 кабинет. +7(727) 389-94-26;
8707 177 71 09; 8702 312 00 97
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- мектепішілік , аймақтық, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық түрлі конкурстар мен олимпиадалар жеңімпаздары қатыса алады;( өнер байқаулары, спорттық сайыстар, ғылыми жобалар, ерекше дарынды балалар т.б)
- 1-11 сынып оқушылары қатыса алады;
- Қатысушы оқушы жетекшісінің ұсыным хатын қоса жолдауына болады.
- Антологияға қатысу жарнасы 5000 ( бес мың теңге).
- Арнайы жетістіктерін баяндайтын шығармашылық өмірбаянын жіберуі міндетті.
- Жіберілген құжатта; аты-жөні, мекен-жайы, индексі ( міндетті ), мектебі, жетістіктері, сапалы фотосуреті, жетекші мұғалімнің аты-жөні, телефоны, эл.почтасы, жетекші мұғалімнің сапалы фотосуреті, антологияға төленетін жарнапұл төленгендігін растайтын чек ( міндетті ) болуы керек.
- Құжаттар n_ortalyk@mail.ru электронды почтасына қабылданады.
Құжаттар n_ortalyk@mail.ru элекронды почтасына қабылданады. Қосымша сұрақтар мен ақпараттар үшін: 8707 177 71 08
- Ескерту!
- Жолданған қатысушы құжаттары арнайы кітап ретінде жинақталып баспадан жарық көреді. Қатысушының жетекшілері арнайы дипломмен әрбір қатысушы алғыс хатпен марапатталатын болғандықтан аты-жөні толық қатесіз жазылуы міндетті!
- Анталогия жұмысына қолдау білдіріп, белсенділік танытқан, шәкірттерін көптеп қатыстырған мұғалім ұйымдастырушы орталықтың халықаралық дәрежедегі төсбелгісімен ( медалімен ) марапатталады.
- Антологияға құжаттарды қабылдау мерзімі : 2017 жылдың 10 қарашаға дейін қабылдау жүргізілуде.
Байланыс тел: 8778 452 74 29
Жарнапұл төлеуге арналған банк реквизиттері: ИИН: 770620303470
6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»