Менің ұстазым қандай болуы тиіс?

 



         Сауранбекова Индира Талғатовна

БҚО,Ақжайық ауданы Чапаев ауылы

 №1  ОЖББМ 11 сынып оқушысы

                «Ұстазым, мені шығармашылыққа шабыттандыр»

эссе

Ұстаз - барлық мамандық иесін тәрбилейтін, үйрететін жақсы жандар. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы деп» қалай дәл тауып айтқан.Ұстаздан тәрбие алған жандардың өмір жолы олар сала білген шамшырақ сәулесімен жалғасады.Ғылым иесі ғалымда,ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамған ақын –жазушыларды,тіпті жерді айналып ұшқан ғарышкер барлығы да-ұстаздан білім алған.Сондықтан да барлық адам баласы ұстазға бас иеді.Қиындығы мен қызығы көп бұл мамандық жауапкершілікті талап етеді. Оқушылардың,студенттердің тіпті мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндердің алдындағы үлкен де ауыр жүктің маңызы зор-ақ.Соны сезіне білу әр болашақ ұстаздың міндеті.

Мені шабыттандыратын ұстаз қандай болуы керек? Менің ойымдағы ұстаздың жақсы,тіпті ең басты қасиеті оқушыны шабыттандыра білуі.Мүмкін кейбіреулер білімі,қай оқу орнында оқығаны маңызды шығар,мен үшін ұстаздың бізге қоятын талабы,сол талапқа жетуге жігерлендіруі маңыздырақ.Неге дейсіз ғой?Себебі мен де биыл мектеп іргесінен оқу орнына қадам басқалы отырған талапкерлердің бірімін және де менің,яки мақсатым ұлағатты ұстаз болып,жас болсамда артыман келе жатқан балдырғандарды оқу білімге тәрбиелеу. Баланың бойындағы шырақты сөндіріп алмау үшін әр баланың бойындағы қабілет пен дарынды уақытылы байқап, оны шығарашылыққа шабыттандырып отыру қажет.

Ұстаз мамандығын жиырма бірінші ғасырда көбі таңдағысы келмейді. Себебі дамыған,қарыштаған кезеңде жастар жаңа технологияға,заманның талабымен бірге,қалыспай жүру керек деп ойлайды.Ұстаз болу ол заманнан қалу дегенді білдірмейді.Егер жастар біле білсе  ұстаз-өлмейтін,өшпейтін мамандық. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»деп бекер айтылмаса керек .Ұстаздың орнын ешқандай робот техникасыда,басқасы да ауыстыра алмайды.Талай ақын жазушылардың ,көреген ғалымдардың айтқан нақыл сөздері оған дәлел-ақ.

   Сәбит Мұқановтың ұстаздарға арнаған бір шумақ өлеңі есіме түсіп отыр;

                                     Мұғалім.Бұл адамның ардақты аты,

                                     Білімдік бар биікке шығар саты.

                                     Ең алғаш басталады осы адамнан.

                                      Сүйеді сондықтан да жақын жаты.

                                       Бар ғалым,барлық қоғам мұғалімді.

                                       Сыйлайды,мәңгі бақи беріп төрін.

    Менің мұғалім болуыма себеп болған,осы айналамдағы ұстаздарым, ақылшыларым.

                                   Ұстаз болу-екінші ана болу,

                                   Оқушыңа қамқоршы пана болу,

                                    Күндей жарық сәуле боп балаларға

                                   Ұстаз бол,ұлағатты адам болу,-деген өзімнің өлең шумақтарымен толықтырғым келеді.Болашақта ұстаздық қызмет ететін болсам-бірінші орынға міндетті түрде оқушы мен ұстаз арасындағы кішіпейілділік, ізгі ниеттілік, мәдениеттілікті қояр едім. Қытай философы: «Маған жәй айтсаң ұмытамын,көрсетсең есімде сақтаймын,өзіме істеуге мүмкіндік берсем үйренемін»деген қағидасын міндетті түрде өз қызметімде қолдануға тырысамын.

Эссені қорытындылай келе,В.Сухомлинскийден “Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады”,- дейді. Шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл касиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз