Ұстаздық жолымдағы ұлы белес

 

Ұстаз! Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік. Ұстаз десе… Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін сезінемін. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып, кейінгі жастарға өнеге қалдыруды мақсат етіп, менің де ұшқыннан алау маздатып, жалындап жанғым келді.

Осындай қасиетті өмір деп аталатын таңғажайып әлемге жол сілтеген қарапайым жандардың аялы алақаны мен ыстық жүрегі мен үшін – ұмтылмас күндер, айлар, жылдар…

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, яғни мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек. Өйткені, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағұлмат алып отырған жасөспірімді бірнәрсемен таңғалдыру, оған сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес. Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, тәлімгерді білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт – бағдар береді. Өзім де әр кез ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесім болса, бұл да менің ұстаздық мақсатымның орындалғаны.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек.

Жан дүниесіне үңіле қарасаңыз өте байсалды, білімді, терең ойлы, тұла бойы тұнып тұрған талант иесі. Бір жымиғанының өзі адамды шабыттандырып, керемет бір күйге бөлейді. Маған әрдайым айтатын ақылы: жоғары білімі бар туралы диплом алу сені ұстаз етпейді, адамды нағыз ұстаз ететін балалар. Нағыз шебер ұстаз болу үшін уақыт пен ыждағатты еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Осы ұлағатты жолда ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мына сөздерін өзіне басшылыққа алатын : «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады». Айтқан ақылдарының бәрін әрдайым жадымда ұстап, саналы ұрпаққа, сапалы білім мен тәрбие беру жолында еңбегімді аямай тер төгемін. Тәжірибелі мұғалімнен тәлім – тәрбие алған, ең бақытты ұстазбын деп есептеймін. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам ба ласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасы на білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата - анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім.

Жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады. Мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым - қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан - жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. Кәсіби міндетім - бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл - ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау, сөйтіп жан - жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын.

Қорыта келгенде мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым - қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан - жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. «Мамандығым – мақтанышым» демекші , бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан алдыма қойған мақсатым балалардың ақыл - ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау, бәсекеге қабілетті, жан - жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын. Олай болса, ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған әрбір адам ұстазға құрмет көрсетуді өзінің борышы деп санаған дұрыс.


Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Әйтеке би кентіндегі Ж.Жабаев атындағы

№ 234 орта мектептің орыс тілі және орыс әдебиеті

пәнінің мұғалімі Мекебаева Улмекен Абдатовна

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз