Ұстаздық жолымдағы ұлы белес

 

Мен Жұмахметова Айгүл Сағынқызы 1977жылы 26-шы қыркүйек күні дүниеге келдім.1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мамандығы бойынша білім алдым.

Мен қызығы мен шыжығы қабат келетін ең қиын да қызықты маман иесімін. “Ұстаз”атты ұлы есімге бас иіп,кішкене кезімнен-ақ армандап,алға қарай ұмтылдым. Мен қазір өскелең ұрпаққа жол сілтеген тәрбиеші мұғаліммін. Қаншама жанары мөлдіреген балалардың болашағы, тағдыры – менің, яғни ұстаздардың қолында. Әр адамның мақсаты -көріп -білу, үйренгенін өзгеге үйрету. Ақылды адам жүрген жеріне берекенің дәнін сеуіп жүреді. Дәннен жеміс алу үшін оны баптап, күтім жасауы керек. Шын дарын мамандық жолында өмірден өз орнын таба алады. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алатын орны ерекше, жауапкершілігі де ауқымды. Әсіресе, бүгінгі таңда, жастарымыз батысқа еліктеп, рухани құндылықтардан бойын алшақтатып бара жатқан кезде, біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Мұғалім оқушы талғамына лайық болу үшін, емін – еркін пікір алысатын , ақыл –кеңес бере алатын, сөйлеу мәнері, шеберлігі шыңдалған, мәдениетті, терең білімді болуы керек.

Өмір – теңіз,

Онда жүзем демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз, - деп шығыс ақыны Рудаки жырлағандай, ізгілік кемесіне мінген, мейірімнің туын көтерген жан болуы керек.

Шығармашылық пен іздену әр адамның өзіндік жұмыс амалдарын ұштайтын қадам. Шығармашылық – адамның жеке пікірі, көзқарасына негізделген ой еңбегі. Менің де бірқатар шығармашылық және авторлық жұмыстарым және оқушыларымның жеткен жетістіктері бар. Олар:

* 2000 – 2002 оқу жылында 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай өткізілген “Өнегелі ене, ибалы келін” атты сайыста I орын және “Көрермендер көзайымы” номинациясы бойынша марапатталдым;

* 2002-2003 оқу жылында “Ұлағатты ,ұстамды, ұстаз болу арманым” атты жас ұстаздар сайысында жүлделі I орын иемдендім;

* 2004-2005 оқу жылында “Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында өткізілген аудандық “Білікті тіл маманы -2004” байқауында алғыс хат алдым;

* 2005-2006 оқу жылында аудандық Оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен өткен “Ең үздік топ жиыны”байқауында III орын иелендім;

* 2005-2006 оқу жылында аудандық Оқушылар Үйінде “Біз және балалар” атты тәлімгерлер форумында I орын иелендім ;

* 2006-2007 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің озық тәжірибелерін насихаттау мақсатында “Үздік факультативтік бағдарлама” байқауында III орын иелендім;

* 2009 жылы аудандық “Қазақ тілі” қоғамының төрағасының алғыс хатымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосқан елеулі үлесім үшін марапатталдым;

* Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай шыққан Халықаралық “Мәшһүр Жүсіп” оқуларында баяндамам жинаққа енді;

* 2010 жылы “Повлодар облысының тіл саясаты: аймақтық жүзеге асыру” атты республикалық ғылыми – практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталдым;

* 2012 жылы аудандық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына оқушым Жұмағазы Ұлжан қатысып, II орын иемденді;

* 2013жылы Жұмағазы Ұлжан “Жарқын болашақ” республикалық олимпиадада “ Жазушылар ”бөлімі бойынша ерекше орындау шеберлігі үшін алғыс хатпен марапатталды;

* 2015 жылы аудандық “Алаштың арыстаны” атты жас ақындар мүшайрасында оқушым Ерпайыс Айнұр алғыс хатпен марапатталды;

* 2015 жылы аудандық “Менің туған өлкемнің атауы” атты шығармалар байқауында оқушым 9-сынып оқушысы Берекетова Гүлайым алғыс хатпен марапатталды;

* 2015 жылы аудындық “ Тарихпен тілдесу” атты жас ақындар мүшайрасында 7-сынып оқушысы Жақсылық Талант Iорын иеленді;

* 2016 жылы аудандық І.Жансүгіров оқуларында 9-сынып оқушысы Нұрғали Қуатбай I орын иеленді;

* 2016 жылы “Абайды оқы, таңырқа” атты көркем сөз оқуларында 8-сынып оқушысы Әбдікәлім Гүлмира алғыс хат алды;

* 2016 жылы аудандық Оқушалар Үйі ұйымдастырған тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай өткізілген “Тәуелсіздіктің тәтті сыйы” атты ақындар мүшәйрасында Жақсылық Талант жүлделі III орын иеленді;

* 2016 жылы “Тәуелсіз ел - Мәңгі ел!” атты тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 8-10 сынып оқушылары арасында –өткен шығармалар байқауында Жақсылық Талант жүлделі II орынмен марапатталды.

* 2016жылы халықаралық “Балалар Интеллектуалдық Клубы” қашықтық олимпиадасында оқушым Жанұзақ Ғазиза I дәрежелі дипломмен марапатталды;

* 2016 жылы “Қазақ тілі пәнінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясы“ атты оқу-әдістемелік көмекші құрал ретінде кітабым басылып шықты.

* 2016 жылы республикалық “Функционалдық сауаттылықты дамыту” атты журналда “Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін тиімді пайдалану-сапалы білім негізі ” тақырыбындағы мақалам жарияланды.

* 2016 жылы республикалық ғылыми-әдістемелік “Қазақстанның Білім және ғылым әлемі” журналы атынан іс - тәжірибе таратқан екпінді әрекетім үшін құрмет грамотасымен марапатталдым;

* 2016 жылы халықаралық “Балалар интелектуалды клубы” қашықтық олимпиадаға оқушыларды дайындағаным үшін алғыс хатпен марапатталдым;

* 2018 жылы “Білім берудің жаңа мазмұны – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың басты шарты” атты әдістемелік жинақта “Әлем мәдениеті” тақырыбында 8 – сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарым жарияланды.

“Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек”-демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе, оны “Мейірімділік” атты ұлы ұғыммен ұштастыру арқылы мақсат мүддемізге жетеміз.Оқушыларымыздың қызығушылығы, белсенділігі артып көшбасшы болуға, өз бетінше ізденіп, жұмыс жасуға ұмтылып, мақсат-мүдделеріне жетсе,Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шығады. Абай атамыздың “Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға”- деген қасиетті сөзі әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым. Менің шәкірттерімнің білім бағындырып, биіктен көрінуі – менің кәсіби дамуым, ұлы белесім. 


Жұмахметова Айгүл Сағынқызы  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз