«Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі.. мейлінше, шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын жақындарына да, жат адамдарға да әділ... жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыну мен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
(Әл-Фараби)
Құрметті ұстаздар, маған өмір бір сәнді ескерткіш дәптері секілді көрінетін еді. Әркім оны өзінің басынан өткен алуан сырымен толтырады. Ақын жырымен, әнші әнімен, суреткер жанан тебіренткен қайғы, қуанышын сан түрлі бояу арқылы ұрпақтарға қалдырады, ал ұстаздар қауымы баланың сәби кезінен нағыз азамат болып қалыптасқан шағына дейінгі өзгерісті өз көздерімен көретінін бәріміз білеміз. Әр баланың өз бетінше үлкен өмірге қадам басуының алғашқы баспалдағында ұстаздар қауымы тұрады. Ол – оқушының ақылшысы, үлгі тұтар тұлғасы, әрі ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ең бірінші кеңесшісі, ең алғашқы ақылшысы.
В.А.Сухомлинскийдің ойынша, «мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педгогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» . Мұғалім мамандығы – қашанда қиын әрі құрметті іс. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл қызметімді таңдауымның негізгі себебі – баланы сүю, баламен бірге болу, баланы түсіну.
Әр ұстаз өзінің ағартушылық жұмысында баланың бойына өз білім-білігімен қатар адам құндылықтарды сіңіреді. Көбіне мұғалім мамандығын «жақсы атыңды шығармайды» деп бағалап жатады. Шындығында айтқанда, бүгінгі нар ұлғалы азаматтар мен шынайы сымбатты азаматшалардың тағдырында ұстаз өмірінің өлшеусіз еңбегі жатқаны айдан анық. Менің ойымша, әр ұстаз деген ұлы есімнің артында озат ойлы, дарынды оқушы болады. Он шақты жылға татитын ұстаздық қызметімдегі мен үшін ұлы өзгерістер төмендегідей:
* Гуманитарлық ғылым магистрі; (жоғары білімі туралы үздік диплом)
* «ХХІ ғасыр көшбасшысы» 11-класс Бектемісұлы Р. айлық,апталық ойын жеңімпазын дайындаған;
* Облыстық білім басқармасының жас ұстаздар форумының қатысушысы;
* Уфа қаласында өткен халықаралық «Художественная литература – основа существования нации» дөңгелек үстелге қатысып, М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының Алғыс хаты;
* Әйелдер арасындағы ІУ жазғы облыстық спартакиадасында ІІІ орын мадақтама.
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысы да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттейміз» - Бауыржан Момышұлы. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл қызметімде басшылыққа алатын негізгі ұстанымдарым болмаса белестер тібесі төмендегідей:
Бірінші және негізгі қасиеттердің бірі – мұғалімнің бар болуы, яғни балаға немесе оқушыға деген құрмет. Әр бала жасының кішілігіне қарамай мұғалімге оқушының ар-намысына тиісуге болмайды, керісінше оны жеке тұлға ретінде қабылдап, оның досы, көмекшісі, әрі ақылшысы болатындай етіп құрметтеу керек. Мұғалімдерде баланы тәрбиелеу принципі деген ұғымның аясында «балаға жұмыс жасау» емес, «баламен бірге жұмыс жасау», «баламен бірге жаңалық жасау» қағидасы есте болуы керек.
Мұғалімнің нағыз кәсіби маман ретінде бағалай алатын екінші бір қасиет, ол – мұғалімнің шығармашылығы мен білімділігінде деп ойлаймын. Нағыз мұғалім өз мамандығының иесі ғана емес, ол сонымен қатар жан-жақты дамыған интеллект болуы шарт. Оған қараған бала үнемі жаңашылдыққа, жаңалыққа жаны құмар, барлық нәрсеге қызығушылық таныта алатын, ғылымның соңғы жетістіктерін меңгерген, өзіндік тәрбие беру әдістемесі қалыптасқан тұлғаны көрулері керек. Бұл сөзіме дәлел ретінде американың теоретигі, әрі практик педагогы Николас Батлердің сөзін келтіргім келеді: «Өте кішкентай нәрселер жайлы көп білетін адамдарды – маман», - деп атайды.
Мұғалім мамандығының үшінші ұстанымы – ұйымдастырушылық қабілеті мен жақсы қасиеттері. Әр адам өзінің жұмысында оны жоспарлай және ұйымдастыра білуі қажет. Кез келген ғылым саласында әр маман өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білуі қажет. Кез келген ғылым саласында әр маман өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білуі, оның ішінде мәртебесі мол мұғалімдер қызметінде аса маңызды. Адамның ұйымдастырушылық қабілеті мыналдай жағдайларда көрінеді деп ойлаймын: күнделікті сабақ жоспарын құрғанда немесе түрлі сыныпан тыс іс-шараларды дайындағанда, болмаса түрлі деңгейдегі семинар, конференцияларға қатысқанда анық көрінеді.
Сонымен, қазіргі заман мұғалімінің келбеті түбегейлі жаңарды. Ол ұстаздың оқушыға деген махаббаты шексіз болғанында, сол баланы тәрбиелеу жолында өзінің бойындағы ең жақсы қасиеттерді оқушының бойына дарыта білуінде, үлкен мәртебелік танытқанда, ұжымда жұмыс жасауға деген ынтасы артқанда, сол баланы тәрбиелеу жолында кәсібилік деңгейге жеткенде, ата-ана алдында азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік танытқанда, өзіндік білімін үнемі жетілдіргенде, жаңашылдық жолдарға деген ізденушілік қабілетін көрсеткенде, шығармашылық шешімдерді шығара білу қабілеті артқанда, физикалық және психологиялық зор денсаулығы қалыптасқан кезде көрінеді.
Білім мен кәсіби машық – замануи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негігі бағдарын құрудың бүгінгі күні өзекті мәселе екендігі сөзсіз. Өз ісінің шешу жолдарын көрген ұстаздар қауымының да ел игілігі үшін бала тәрбиелеу бағытында нәтижелі жұмыс жасайтынына сенім білдіремін. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алған жастарымыздың азат ойлары мен кемел білімдері қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш деп өз сөзімді түйіндегім келеді. «Алты Алаштың баласы бас қосса, мұғалім жоғарыдан орын алуы керек» М.Жұмабаев. Ұстаздық жолымыздағы ұлы белестер тізбек-тізбегімен жалғаса беретіні сөзсіз.
Елшинбекова Тамаша Бурибаевна
Гуманитарлық ғылым магистрі,
А.С.Пушкин атындағы орта мектеп мұғалімі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылы