Ұстаздық жолымдағы ұлы белес


Өзі үйренбеген,

Өзгені үйрете алмайды.

Мен-ұстазбын,

Мұғаліммін, оқытушымын!

Ұстаздық - ұлы жол! Осы ұлы жолда барлық ұстаздарды аянбай еңбек етуге шақырамын! Ұстаздық мәртебе барлық мәртебелерден биік әрі жоғары тұру керек деп ойлаймын! Менің ойымша ұстаздық жолға түскен адам ақша табамын деп емес, шәкірт жүрегіне білім отын жағамын деп келу керек!

Ұстаз! Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік. Ұстаз десе… Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін сезінемін. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып, кейінгі жастарға өнеге қалдыруды мақсат етіп, менің де ұшқыннан алау маздатып, жалындап жанғым келді.

Мен тағы бір өзім сияқты жаратылған, жер басып жүрген пенделерді өмір сүруге үйретушімін. Жай ғана пенделер емес, кішкентай ғана пәк сезімді бүлдіршіндерді оқытудамын. Мені қазіргі түйген ойым, тұйықталған философиям-ұстаз болып туылу керек. Қай сабақтан беру,қайда ұстаздық ету –маңызды шығар. Бірақ басты маңыздылық-сенің ұстаздық болмысыңда, қаншалықты түсінуіңде. Ұстаздыққа үйрену мүмкін емес. Тек кейпін киюге болады. Дегенмен бұл кейіп анадайдан мен мұндалап тұрады. Байқайсыңдар ма,мұғалімдер әр кез жас көрінеді. Қай жағынан алсақ та, мейілі, көңіл-күйі болмасын, түр-сипаты болсын бәрі де соншалықты жас адамдарға тән қасиет. Себебі ұстаз тек оқытып үйретіп қана қоймайды. Өзі өмір бойы оқиды, үйренеді. Бір сөзбен айтқанда босаңсуға уақыт жоқ, барлық кез оқу керек, үйрену керек, өсіп отыру керек. Міне бітті мен өстім, болдым, қартайдым дейтін уақыт белгіленбеген. Қанша уақыт ұстаз болсаң, сонша уақыт оқушысың! Иә, иә оқушысың. Күнде сабаққа келіп, оқушыларыңды оқытасың, үйретесің тәрбиелейсің. Ал сабақтан соң, өзің көп нәрсеге үйреніп қайтасың, тәрбиеленіп шығасың. Бала деген-қаймағы бұзылмаған сүт, мөлдірі лайланбаған су, тап-таза ақ парақ, жып-жылтыр айна. Жақсысы да, жанамыда бетінде. Айнадай көз алдыңда тұр. Айнаға қарайсыңда кемшіліктеріңді түзетесің, жетістіктеріңе қуанасың. Күлсе қуанасың,жыласа мұңайасың. Міне осылай жылдар өте береді, өте береді. Тоқтауға уақыт жоқ, өмір атты кітаптың парақтарын солармен бірге ашасың,солармен біргежабасың. Мен ұстаз деген қасиетті атқа кір келтірмей,білім атты кеменің ескегімен бірге есе беремін. Мүмкін ұстаздық өмірдіңғанибеті де осында шығар!

Өмірге көзқарасымды қалыптастырып, бағыт – бағдарымды айқындауға жәрдем берген, адамдық пен надандықтың, адалдық пен арамдықтың ара жігін ашып көрсетіп, кісілік пен кішіліктің қадірін ұғындырған менің көңілімдегі алып Адамдар. Атақ пен даңқты мақсат етпей, оқытатын пәнін шын сүйген, шәкірттері үшін жаны күйген, менің ұстаздық жолымды таңдауыма себепкер болған Жандар. Ол – менің әкем мен шешем. Олардың, «Асылы, сенен жақсы мұғалім шығады – ау» деген бір ауыз сөзі мен үшін ұстаздық сапарға берілген жолдама секілді. 2013 жылы І.Жансүгіров атындағы университетінде шет тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқып, білім алдым. Білімімді одан әрі жетілдіру мақсатымен 1. “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Куәлік БЖ № 047497 Сертификат БЖ № 009394 , 07.08.2017 ж. 2. Облыстық Сертификат № 2016-291 3. "Development & Success" Жасампаз Педагогика Орталығы Сертификат № 0585, 08.01.2018 ж. 2017 жылы Қаазақстан Республикасында орта білім жаңғырту шеберлігінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша педагогикалық кадрларының біліктілігін артыру білім беру бағдарласы бойынша 160 академиалық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтадым. Алғаш еңбек жолымды №5 орта

мектептен бастадым. Күні кеше жас ұстаз болып табалдырығын аттаған мектеп мені жылдар бойы есейтіп, шығармашылық шабытымды шыңдады. 2014 жылдан бері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарамын. Осы уақытқа дейінгі жетістіктерім баршылық. 1. ІІ дәрежелі диплом Мектепшілік “Үздік понарамалық сабақ” 2. Грамота ІІ – орын қалалық шаңғы жарысынан 3. Облыстық Сертификат № 2016-291 4. Certificate of Attendance 12.04.2017 ж. 5. Certificate 29.04.2016 ж. 6. Сертификат № 00446, 17.02.2016 ж. 7. Сертификат БЖ № 009394 , 07.08.2017 ж. 8. Сертификат № 5930, 7-20 қыркүйек 2017 ж. 9. Алғыс хат “Астана”, “Орталық Азия”, “МГТУ” Университеттерінің әкімшілігі 10. Облыстық Сертификат МАН 2017 ж.

Өз пәнімде оқушымен жұмыс жасасам, бұл қызметте ұстаздармен түрлі жұмыстар жүргізу – мен үшін бір бақыт. Дүниедегі білім атаулының кілті де құпия сыры да ұстазға ғана анық. Өркениеттің ғалами талабы білімді ұстазды қанаттандырып, жаңашылдық пен ізденіс шыңына қондырады. Мен білетін ұстаз – нақ осы өркениетке лайықты ұстаз. Жалпы, «биіктік» атаулының бәрі мені қызықтырып келеді. Оның тылсым құпиясы тым күрделілігімен тереңіне бойлай түсуге шақырады. Бірте – бірте көтерілген саты баспалдақтай өрге сүйрейтін менің құштарлығым аспани тұлғаның кесек бейнесін асылық қасиеттерімен толықтырып қойды. Өркениеттің ғарыштап дамуы ғылыми прогрестің ұшқан құспен теңесуі болмақ. Ғажап идеялар, дархан істер ғаламат жоспарлар жаңа ғасырдың қолынан ғана келеді. Ал осы алау оттай жұлқынған ғасырдың тізгіні – ұрпақтардың ғана қолында, осы ұрпақтың бар бақыты озық ойлы ұстаздың еншісіне ғана берілмек. 2012 жылы ұлтымыздың президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында ұстаздарға өз болмыстарын заманға сай өзгерту керектігін атап көрсетті.

Қазіргі таңдағы еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы бағытта еңбек етуді алдыма мақсат ете отырып, өз білімімді жетілдіру жолында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының екінші деңгейі бойынша курсынан өттім. Бұл бағдарлама аясында үйренген білімімді іске асыру үшін жаңаша бағытта жоспарлар құрып, ай сайынғы жұмысыма кірістіріп отырдым. Яғни, ай сайын коучник, семинар, конференция өткізу арқылы екінші деңгей бағдарламасының жеті модулімен мұғалімдерді таныстырып, сындарлы оқыту әдісін біртіндеп, өз тәжірибелеріне енгізуге бағыт – бағдар беріп отырамын. Педагогтарға коучник өткізу арқылы өзіме деген сенімім қалыптасты. Әріптестеріме оқытудың әдісінен мәліметтер бере отырып, әр шараны тартымды өткізуге болатынын түсіндім, ол арқылы өзім де өзгеріске енген ұстаз деңгейіне көтерілдім. Жұмыс барысында тренингтің мұғалімге берері мол екені көрінді. «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, яғни мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Ұстаз - ата- ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан - жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті, ұстамдылықты қажет ететін мамандық - ұстаздық мамандық. Осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдағанымды мақтан етемін. Өйткені, ұстаз болу – бала күнімдегі арманым еді. ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болмақ? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін ерекше талантты қажет ететін бай қиялды адамға тән қасиет .

Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген дана Абайдың өлең жолдарын әрдайым жадымда ұстаймын. Егер шәкірт

өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!

Әрине, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші менің де мақтан тұтатын шәкірттерім бар. Бірнешеуі менің ізімді қуып мұғалім болуда. Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол –өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөлінуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс –тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

«45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минутыңы дайындал» деген нақыл сөз, менің ең басты ұстанымым болып табылыды. Сондықтан ұстазға тән ізденімпаздық пен жанжақтылығымды барынша сабақ процесін жетілдіруге арнаймын. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатына мол үлес қосып , жас жеткіншектерге тілді игерту.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағыдайында жас ұрпаққа білім беру ісіне оның жеке даралық ерекшелігіне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп беру, оны өмірге дайындау мәселесі мен үшін негізгі ұстанымым болып табылады.

Мен мұғаліммін, яғни мен оқушыларымның сәл де болса жетістіктеріне бақытты болып, балаша қуанамын.

Мен мұғаліммін- бақыттымын, себебі мен күнде таңертең мені асыға күтетін оқушыларымды көремін.

Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек. Өйткені, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағұлмат алып отырған жасөспірімді бірнәрсемен таңғалдыру, оған сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес. Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, тәлімгерді білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт – бағдар береді. Өзім де әр кез ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесім болса, бұл да менің ұстаздық мақсатымның орындалғаны.

Алматы облысы, Текелі қаласы

"№ 5 орта мектеп"КММ- нің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Мұратқызы Мөлдір

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз